«Астан ауыз ти» деудің мәні неде?

305

Ас ауыз тию – қазақ ас ішіп жатқан дастарқан үстіне келгенде «ас дәмді болсын, бұйыртып жегізсін» деп астан ауыз тиеді. Үй иесі «бастан үлкен болсаң да, астан үлкен емессің», «мұнда дәм айдап келіпсің» деп келген кісіге астан ауыз тигізеді. Қазақ мұны «ас ауыз тию» деп атайды.

Қазақ асты қызғанбайды, ас көптікті, көппен жеген ас сіңеді, көппен істеген жұмыс бітеді деп әрқашан асты алаламайды. Ас жолы атаныкі, астан қызғанған, тұздан ащы тұрмыс кешеді деп нанады.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз