Әркім өзін ойлап жылайды

271

Ертеде Басрада өмірін тақуалықпен, көп ғибадатпен өткізген бір кісі болады. Бір күні оның дәм-тұзы таусылап, өлім аузында жатқанда барлық жақындары жанына жиналып жылап отырады. Кісі отырғандардың барлығына бір қарап шығады да әкесінен: «Әке, сен неге жылап отырсың?» деп сұрайды. Әкесі: «Балам, мен енді жалғыз ұлымнан айырылып қалатынымды ойлап жылап отырмын», – дейді. Содан соң анасынан: «Апа, ал сіз ше?» – деп сұрайды. Анасы: «Перзентіммен қоштасатынымды ойлап қайғырудамын» – дейді. Кіс әйеліне де осы сұрақты қойғанда ол: «Енді сенің жоқтығың маған ауыр тиетін болды, өзгелердің көмегіне зәру болып қалатынымды ойлап жүрегім қарс айырылуда» деп одан сайын жылайды. Балаларына қарап: «Балапандарым, сендер неге жылайсыңдар?» деп сұрағанда олар: «Сен кеткен соң жетімдіктің азабын тартатын болдық» – дейді. Осыдан кейін кісінің өзі де жылап жібереді. «Өзің неге жылап жатырсың?» деп сұрағанда ол: «Мен әркім өзін ойлап жылап жатқанын көріп жылаудамын. Ешкім мені ойлап жылап жатқан жоқ. Араларыңда менің ақыреттегі жай-күйімді ойлап жылап жатқан адам бар ма? Менің қараңғы қабірде жалғыз қалатынымды, Жаратушымның алдында не деп жауап беретінімді қалайша ешкім ойламайды?» дейді де демі үзіліп кете барады…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз