Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айында… 2. Рамазан айы кіргенде…

516

Убайда ибн Самиттің (р.а.) айтуы бойынша, Рамазан айы келген күні Алла елшісі (с.ғ.с.): «Міне, сендерге Алланың рақымын ала келген берекелі Рамазан айы келіп жетті. Бұл айда жер бетіне мейірім түсіп, күнәлар кешіріледі, дұғалар қабыл болады. Егер Алла құлшылықтарыңда шынайы ықыластарыңды көрсе, Өзінің періштелерінің арасында сендерді мадақтайтын болады. Ол құлшылықта сендер Алланы одан сайын жақсы көретін боласыңдар. Егер біреуіңді қайғы күтіп тұрған болса, Алланың мейірімімен ол бақытсыздықтан құтылатын боласыңдар» деген (Имам Мунзири, әт-Тәртиб, 2/96).

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін жеткізген: «Сендерге қасиетті Рамазан айы келді. Бұл айда Ұлы Алла оразаны парыз етті. Бұл айда жұмақтың қақпалары (құлдарының дәрежесін көтеру үшін) ашылып, тозақтың қақпалары жабылады. Кез келген зұлымдыққа тосқауыл қойылып, шайтандар кісенделеді. Аллаға тиесілі бұл айда мың түннен де қайырлы бір түн бар. Ол түні кімде-кім ізгі амалдар жасаса, анығында, үлкен берекеге қол жеткізеді» (Нәсәи, саум, 2079; Бұхари, саум, 1765-1766; Муслим, саум, 1793).

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз