Бірде Хасан Басриге төрт кісі түрлі шағым айтып келеді: біріншісі – құрғақшылыққа, екіншісі – кедейлікке, үшіншісі – егінінің шықпай қалғанына, төртіншісі – баласының жоқтығына. Оларды тыңдаған Басри төртеуіне де тәубе етуге кеңес береді. Сонда олар:
– Біздің әрқайсысымыздың қайғымыз әртүрлі, бірақ барлығымызға бірдей кеңес бердіңіз. Оның себебі неде? деп сұрағанда ол қасиетті Құранның мына аяттарымен жауап қатады:
«…Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені, Ол (құлдары қанша жерден күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді…». «Алладан кешірім тілеңдер, төбелеріңе аспаннан нөсерлетіп нұр жаудырсын. Сендерге дүние мен бала-шағаны молынан берсін, һәм сендер үшін бау-бақшалар өсірсін және өзендер ағызсын» («Нұх» сүресі, 10-12 аяттар).