Aқша ма, әлде нәпсі ме?

43

Бірде бір кісі көшеде келе жатып үш жігітті тоқтатады да үшеуіне бірдей сұрақ қояды:

– Айтшы маған, сен ішінде ақша мен алтыны бар әмиян тауып алдың делік. Оны иесіне қайтарар ма едің?

Бірінші жігіт:

– Қайтарамын, егер ол әмиянның иесі кім екенін білсем, – деп жауап береді.

Екінші жігіт:

– Алтыны бар әмиянды қайтаратын мен соншалықты ақымақ емеспін, – дейді.

Кісі ол екеуіне көңілі толмаған кейіп танытып үшінші жігітке бұрылады. Сонда ол:

– Ағасы, мен әмиянды тауып алған сәттегі жай-күйімді қазір айта алмаймын ғой. Мүмкін мен нәпсінің шырғалаңына түсіп, ол әмиянды өзімде қалдырармын. Мүмкін Раббым менің тура жолдан таймауыма көмектесіп, оны иесіне қайтарармын, – деп жауап береді.

Ер адам табысын ең бірінші қайда жұмсауы тиіс?

Күйеуіңіз ашуланса…

Әйел – ер адамға берілген Алланың сыйы

Бақ-береке мен бақытқа толы үй қандай болады?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз