Ақ шаштың өсуі мен қастың қалыңдығына жауапты ген табылды

137

Ғалымдар алғаш рет ақ шаштың пайда болуына жауап беретін генді тапты. Сондай-ақ шаштың түр-түсіне, қалың-жұқалығына да жауапты гендер табылды. Зерттеу Nature Communications журналында жарияланды.

Сонымен, ақ шашқа – IRF4 гені, бұйра шаштың өсуіне – PRSS53, қастың қалыңдығына – FOXL2, жұқа әрі кішкентай қасқа – PAX3, сақалдың қалыңдығына – EDAR гендері жауапты.

Зерттеу 6 мыңнан аса адамға жүргізілген. Олардың 45 %-ы ер адамдар, 55 %-ы әйелдер болған.

Бұл жаңалық сот-медициналық сараптама жүргізуде аса қажет дейді зерттеушілер.

1 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз