Алла мені жақсы көруі үшін не істеуім керек?

420

Бірде Алла елшісіне (с.ғ.с.) бір кісі келіп:

– Уа, Расулалла! Алла мен адамдар мені сол ісімнен кейін жақсы көретіндей игі істі айтшы, – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Дүниелік нәрселерден аулақ бол, оны қалама, сонда Алла сені жақсы көретін болады. Өзгелердің қолындағы бар нәрсеге қызығып қарама, ол нәрселерден қаш, сонда сені адамдар жақсы көретін болады, – деп жауап береді (Ибн Мәжа, зухд, 1).

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз