Алла жіберген қонақты қалай қарсы алуымыз керек?

521

Біз қонақ келеді дегеннен алып-ұшып жүгіріп, барымызды дастарханға қойып, бар ықыласымызбен күтіп алып, қонағымызды разы етіп шығарып салуға тырысамыз. Міне, енді бірер күннен соң үйімізге ең сыйлы, ең қадірлі, ең ардақты қонақ – Рамазан келеді. Жай қонақ емес, Алла тағаланың өзі жіберетін қонақ. Ендеше, бұл сыйлы қонақты күтіп алуға дайынбыз ба? Оны разы етіп, шығарып салуымыз үшін не істеуіміз керек? Егер біз оны жақсылап қарсы алып, разы етіп шығарып салатын болсақ, ол бізді Жаратушымызбен жақындастыра түсіп, үйімізді бақ-берекеге, мол ырысқа толтырып, қуанышқа кенелтеді.

Рамазанның келуімен:

– жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақтың есігі жабылады;

– күнәларымыз кешіріледі;

– дұғаларымыз қабыл болады;

– шайтандар кісенделетіндіктен, адамдарды азғыруға, күнәлі істер жасатуға дәрменсіз болып қалады;

– сабырлылыққа үйретеді;

– ізгі амалдар жасап, құлшылықтармызды арттырып, Құранды қолымызға жиі алатын болсақ, Алла тағаланың мейіріміне бөленеміз;

– Қонағымыз қайтқанға дейін (ораза тұтқандар үшін) періштелер Алла тағаладан кешірім тілеп тұрады;

– біздің кішкентай жақсылығымыз үшін (ата-ана, жақындар, бауырларды қуанту, оларға жылы қабақ таныту, біреуге көмектесу, қоғамдық көліктерде үлкендерге орын беру, көшеде үлкен кісінің сөмкесін көтерісіп жіберу, науқас адамның көңілін сұрау т.б.) үлкен сауап жазылады;

– санамыз бен рухымыз тазарады;

– бүкіл денедегі жаман энергиядан арылтады.

– түрлі аурулардан айығып, денсаулығымыз жақсарады.

Міне, Рамазан біздің Алланың разылығына бөленіп, тура жолға бастаушы біздің жұмаққа кіріп, мәңгілік бақытқа қол жеткізуімізді қалайтын сондай бір жанашыр қонақ. Сондықтан, Алла жіберген қонақты ренжітіп алмаңыз!

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз