Әлеуметтік желілердегі статусыңызға не жазылған?

85

Қазіргі таңда Instagram, Facebook, VK және т.б. әлеуметтік желілерде «ақылды» статустарды қою сәнге айналғандай. Бірақ ғалымдар шын мәнінде интеллекті (ақыл-ой) жоғары адам ондай «жалғанфилософияға» толы статустарға «жоламайтынын» айтады. Түрлі афоризмдер мен цитаталарды статусқа қою төмен IQ-ді көрсетеді ме?

IQ деген ұғым көбісіне таныс шығар.

Интеллект коэффициенті – (ағыл. IQ – intelligence quotient) адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға.

Уотерлу канадалық университетінің зерттеушілері түрлі деңгейдегі жүздеген адамның қатысуымен тест жүргізген. Оқу үлгерімі нашар студенттерден бастап интеллекті жоғары оқытушылар, ғалымдар мен профессорларға «ақылды» цитаталарды беріп, олардың ойынша қайсысы терең мағыналы, қайсысы бос сөздер екенін анықтауды тапсырған. Нәтижесінде кімнің интеллекті төмен болса, сол адам «философиялық терең мағыналы» сияқты болып көрінетін құры бос сөздерді көбірек таңдаған.

Ал сол «ақылды» сияқты көрінетін афоризмдердің шын мәніндегі философиялық афоризмдерден айырмашылығы неде? Олар:

– ерекше естіледі;

– айтылар ой тиянақсыз, нақты емес;

– ешқандай шындыққа жанаспайды.

Бұл қазіргі кез-келген адам ойдан шығара салған, мағынасы мен мән-мазмұны, терең ойы жоқ, бірақ «ақылды» болып көрінетін афоризмдердің сипаты.

Атақты ойшылдарымыз бен философтардың, ақын, жазушыларымыздың афориздері мен құнды ойларын әрине, статусымызға қойғанымыз дұрыс-ақ. Бірақ олардың бізге берер ғибратын статусымызда емес, өмірімізде қолдансақ, бір ауыз сөзден пайдалы ой түйе білсек нұр үстіне нұр болмақ.

Ал сіздің статусыңыз қандай?

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз