Әке тұрып ұл сөйлесе…

203

Ибн Омар (р.а.) жеткізген бір риуаятта былай дейді:

«Ол кезде мен бала едім. Бірде Алла елшісі (р.а.) қасындағыларға: «Мұсылманға ұқсайтын ағашты атаңдаршы», – деді. – Ол үнемі жеміс береді және ешқашан жапырақтары түспейді. Ол қандай ағаш? Отырғандардың ешқайсысы жауап қатпады. Менің ойыма зәйтүн ағашы келді. Бірақ Әбу Бәкір, Омар (р.а.) сияқты құрметті жасы үлкен кісілер отырғанда менің сөйлегенім жөн болмас еді. Ойлап болғаным сол еді, Алла елшісі (с.ғ.с.): «Бұл зәйтүн ағашы», – деп өзі жауап берді. Содан соң сыртқа шығып қайтып бара жатқанда мен әкеме: «Әке, менің ойыма зәйтүн ағашы келген еді», – дедім. Әкем: «Онда неге үндемедің? Жауап бергеніңде мен қуанып қалар едім», – деді. Сонда мен: «Мен үлкендер үндемей отырғанда сөйлегенді жөн көрмедім», – дедім.

(Бұхари, Ілім 4, Әдеп 79).

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз