Әйелдің қабыл болған дұғасы

268

Бірде Ибраһим пайғамбар әйелі Сара екеуі ел аралап жүреді. Бір зұлым патша билеп отырған елге тап болады. Сара өте сұлу әйел болатын. Оны көрген патша өзінің арам ойын жүзеге асырмақ болып Ибраһим пайғамбарды өзіне шақырып алады да:

– Бұл әйел саған кім болады? – деп сұрайды.

– Ол менің қарындасым, – дейді Ибраһим (ғ.с.).

Бұл жайлы Ибраһим (ғ.с.) әйеліне келіп:

– Патша сен туралы сұрады. Бұл елде ешбір мұсылман жоқ болғандықтан екеуміздің ағалы-қарындас екенімізді айттым, – дейді.

Әлден уақыттан соң әйелді сарайға алып келеді. Ол дәретін алып, намазын оқиды да екі алақанын жайып:

– Я, Раббым! Егер мен Саған және Сенің Пайғамбарыңа сенген болсам, күйеуіме адал жар бола білген болсам мені мына зұлымнан құтқара гөр! – деп дұға етеді.

Алдына келгенде сұлу әйелді көрген патша кенет тұншығып, демі таусыла бастайды. Әйелге қарай созылған қолдары дірілдеп, жансыздана бастайды.

Сара қорыққанынан:

– Уа, Аллам! Егер мына адам өліп қалса, оны мен өлтірді деп ойлайды, – дейді.

Патша өз-өзіне келіп, қолдарын әйелге тағы да соза бергенде ауа жетпей тұншығып, өліп бара жатқанын сезеді. Сараға әлсіз дауыспен: Алладан мені құтқаруын сұрашы, саған енді тиіспеймін, – деп жалынады.

Бірақ есін жиған соң әлгі қиналғанын лезде ұмытып, әйелге жақындамақ болғанда тағы да өлім аузынан әрең дегенде қалады. Бұл әйелдің бір Қорғаушысы бар екенін түсінген ол қызметшілерін шақырып алып:

– Сендер менің алдыма әзәзіл кейпіндегі әйелді әкелдіңдер. Оны дереу менің елімнен құртыңдар. Оған Ажарды қосып жіберіңдер – деп айғайлайды.

Сара қызметші қызбен қайта оралған соң Ибраһим (ғ.с.)  не болғанын сұрайды.

Сонда әйел:

– Көрдің бе, Алла ол залымды қалай азаптағанын! Мені ол адамнан құтқарды. Маған мына қызды жіберді – деп жауап береді.

 

       Шынында, Алла шыншыл, адал әрі пәк жандарға қашанда көмектеседі. Халқымыз: «Аққа Құдай жақ» деп бекер айтпаса керек.

 Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз