Әйелді қай кезде ұруға рұқсат?

423

Дінімізде әйел адамды ренжітуге, қорлауға, қол көтеруге қатаң тыйым салынған. Әйелді ұру – үлкен күнә. Оның жауабы да қатты болмақ. Алайда Қасиетті Құранның мына аяты әйелді ұруға болатынын меңзейді: «(Әйелді нәпақамен қамтамасыз ету, қорғау және тәрбиелеу ер адамның міндеті болғандықтан) нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған. Мұның себебі, Алланың кей адамдарды кейбіреуінен (басқару, қорған болу, қамқорлық жасау сынды мәселелерде) әлдеқайда артық (әрі қабілетті етіп) жаратқандығы, сондай-ақ ер адамдардың (әйелдеріне мәһір беру һәм отбасының нәпақасын табу сынды) маңызды жауапкершілік арқалағандығы. Ал, ізгі әйелдер Аллаға толық бағынатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері қастарында болмаған кезде де ерлерінің хақысын аяқасты етпей (арын, отбасылық сырларды, отбасына тән абырой мен мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар. Әйелдеріңнің қыңырлыққа басып, бағынбай кетуінен қорықсаңдар, оларға алдымен насихат айтыңдар. Кейін (айтылған насихаттан нәтиже шықпаса), олардан бөлек жатыңдар. Содан кейін де (қыңырлығын қоймаса, ақырындап) ұрыңдар. Егер түзеліп, мойынсұнса, оларға жамандық жасаудың жолын іздемеңдер, (не болса соны желеу етіп оларды ренжітпеңдер). Біліп қойыңдар, Алла бәрінен биік, асқақ һәм ұлы» («Нисә» сүресі, 34-аят).

Міне, көрдіңіз бе, қисық-қыңыр, күйеуіне бағынбайтын, қырсық, айтқанға көнбейтін әйелдерді ұруға рұқсат. Ал ондай әйелдер, өкінішке орай, жоқ емес. Бірақ, назар аударатын ең басты нәрсе – «ақырындап ұрыңдар». Ол не деген сөз? Ұрғанда да бас салып, көзін көгертіп, қолын сындырып, майып қылу емес, керісінше, әйелге ешбір зияны тимеуі керек. Әйелдің ешбір жері көгермеуі керек, зақымданбауы керек, еш жері ауырмауы керек, сынбауы керек, ешқандай зиян келмеуі керек. Бұл, әрине, ұрмағанмен тең.

Алдымен әйелге жай сөзбен түсіндіріп айту керек. Егер айтқанды істемей, ол жағдай үшінші рет қайталанған болса, онда «ұруға» – рұқсат. «Ұрғанда» да әлгі талаптар сақталуы тиіс.

Қасиетті Құранның бұл аятын дұрыс түсінбей «ұруға болады екен» деп себепсізден-себепсіз әйеліне қол көтеретін ер-азаматтарымыз айтылғандарды ескерсе екен дейміз.

 

20 пікір

    1. Ұрғанда да бас салып, көзін көгертіп, қолын сындырып, майып қылу емес, керісінше, әйелге ешбір зияны тимеуі керек. Әйелдің ешбір жері көгермеуі керек, зақымданбауы керек, еш жері ауырмауы керек, сынбауы керек, ешқандай зиян келмеуі керек.
      Қамшымен емес, жіңішке, жұмсақ шыбықпен ұруға болады.

    2. Әйел адамды камшыменде немен болсын ұру ол үлкен күнә. Кімде кім әйел адамның денесіне дақ түсірсе ол тозақ отына барып азаппен өртенеді. Әйелді ұрған адам ол сүмелек адам. Әйелінен баска ешкімге әлі келмейді. Сүмелектігі сонша әйеліне бастық болып ұрыс іздеп тұрады. Адам өмірге адам болып келеді ал әйелін ұратын адам адам болып келіп дымға жарамайтын сүмелек болып кетеді. Әйел затына тіл тигізу ұру малдан ары болу сорлы адамның ісі. Сен ұрасың одан бірдеңе өзгере ма? Әйелің таяқ жиді денсаулығына әсер етеді сені жек коретін болады. Саған сол жақсы ма? Балаларың сені өмірінен артық жек көретін боады үйде кім жаман деп сұраса папам жаман деп айтады. Есте сақтаңыздар анасын қорғаған балалар сүмелек әкесін жек көреді кейін ол әкесі секілді болуды да армандамайды Ал әкесінің сөзін сөйлеген бала кейін тура әкесі сияқты сүмелек болады. Егерде еркек әйелді ұрса кейін еркек шал болып отқанда әйелге не істеді әйел соны екі есе кылып қайтарады.

  1. Əйел адамға қол көтерген еркек, дүниедегі ең төмен адам. Малдан төмен, өйткені малдарда ақыл, сана жоқ. Боқ қарын сорлылар.

    1. Мал тыңдайды адамды. Кейбир әйелдер тындамайды. Еркек жайдан жай ұрмайды айелди. Әйелдерге байланысты коп нарсе.

  2. Әйелді ұрғанда бірдеңе өзгерсе, еркектердіде ұру керек екен. Әйел қателесіп, еркек қателеспей ма?

  3. ешкимди ешким уруга какысы жок. адамдар тек шамасы жеткенге гана кол котереди. айелдик назиктигин пайдаланып кол котеретиндер коп. ер азаматтардын куранда жазылган шарттар бойынша арекет етуи киын. оларга бассалып сабалап тастаган алде кайда онай сиякты. еки адамнын бир бирин тусинип омир суру киын процесс. баримизге Алла сабыр берсин!

  4. Ал ер адамдар АРТЫК кетсе не истеу керек?! Негизи бул айтылгандарды бари дурус тусине коймайды, сана-сезимдери төмен. Барша ер адамдар ға топырақ шашудан аулақпын, бирак бар… Көп ер адамдар озінікң дұрыс болсын, бұрыс болсын, ар кез озин дурус санайды… Сондықтан…. ойланып айтканымыз дұрыс болар…

    1. Əйелдің санасында болмаса əйел адамды ұрып соғып жеңбейсың. Əйел адам қыисық қабырғадан жаралған оны дұрыстай алмсың дұрыстаймын деп сындырып алып жүрмең жігіттер.

  5. Мақсат жеңу емес, ер адамға ұрыса беру жараспайды, ұруға тағы болмайды, майып қылсаң ше, ал, əйел қауымы бəрі бірдей дана емес, үндемесең төбеңе шығады, тіпті ешіріп кететінін қайтесің, осыған шыдап жүре берсең сорлы болғаның, тіпті намысыңа тигенде өртеніп кете жаздайсың, санасына бермесе, қазақта сөз бар «аюға намаз үйреткен таяқ»деген, амал жоқ ақырын сабап алуға (денсаулығына зақым келмейтіндей етіп) тура келеді.

  6. Əйелді ұру деген дұрыс емес. Ер адам əйелдің намысына тимеуі, көңілін қалдырмауы керек. Əйелдің кемшілігі болса түсіндіріп, көз жеткіздіре алған адам нағыз – ер азамат. Əйел -ана, сол əулеттің əжесі. Əке ана қадірін арттыруы керек, бағалауы қажет. Өмірде түсінігі жоқ əйелдер де бар. Олардың санасына берсін. Келешегін, балаларын ойламайтын əйелді мың жерден соққанмен, таяқпен түзей алмайсың.

  7. Кейбир ер адамдар болады аракка масайып алып,айел баласын кырып жойып тисетиндер.Тагы мынадай еркек болады акшасын сыртка шашып айел баласына карамайтындар ойын сауык куатындар.Сонда сол еркекти айели калай тарбиелейди?Сонда тек айел гана барине кинали ма ?

  8. Оооой, шырақтарым-ай, бір Алланың бар екені рас. Бірақ сол Аллаға барар жолды әр ұлт әр түрлі таңдаған. Ислам, Христиан, Буддизм және т.б. діндер арқылы адамдар Аллаға құлшылық еткен,етіп те келеді. Мыңдаған жылдар бұрын асқан ақылды адамдар құлшылық етудің жолдарын адамдар үшін жазған (әр діннің шарттары мен жолдары). Діндердің түрлері солай қалыптасқан. Дін – мемлекетті ұстаудың негізгі құралы болған. Ал мемлекет дегеніміз – халық. Дін халықты ұстаудың бірден бір құралы болған. Бұрынғы ғасырларда халық сауатсыз болған, оларды дінмен, діннің шарттары және ережелерімен ұстаған. Келе-келе мемлекеттік заңдар шыққан, өркениетті болған. Адамдар оқып, сауаттанған, дінге де көзқарастар өзгерген. Мемлекет пен дін ажыраған.
    Ал, әйелді ұруға болады деп адамдардың санасының онша дамымаған кезінде қосып жазып жіберген ғой діни кітаптарға. Бұл да патриархаттықтың белгісі. Негізі адамды адам ұруға болмайды, оның ішінде әйелді ұру – әйелді қорлауға жатады.

    1. Ассаламу алейкум Айша ханым мен сизбен урсайын деп оырган жокпын, тек ойланайып ак пен караны ажырату ушин гана жазып отырмын, ауыр тисе кеширип тусинистикпен карайсыз деп ойлаймын. Сиздин дин туралы билиминиздин дарежесини сиз айткан бурынгы заманда омир сурген адамдардан каншалыкты томен екенин гана далелдеп отырсыз казир,сиз адамдар оздери дини китаптарга жазып жиберген дейсиз, билиниз сизге Кураннын суресин айтып жатыр Букил Алемнин жаратушысы Алла тагаланын созин айтып жатыр, биреудин ойдан шыгарган созин емес, жане ол жерде бирден урып жык сындыр деп жаткан жок кой, насихат айт тусиндир созге тусинбесе, болек жат ондада болмаса кынырлыгын коймаса ур дейди, бул жерде де Алла тагаланын соншалыкты бизге деген мейиримдилигин тусинуге болады. Будан артык не керек енди айтканга тусинбесе, жай созбен еркек адам ягни Отагасы койшы жаным десе коймаса…. ол айелге каншама мумкиндик берилди озин ургызбауга.. ал ол болса бетпактыгынан еркекти оны уруына мажбур кылады… енди ойланып караныз…. оны урудан баска амалы калмаган еркек мал ма? кейбир комментшиктер айткандай алде соны сондай жагдайга дейн ушыктырып касарыскан кырсык айел ма?сиздин айтуыныз бойынша адамдар куранды озгертип алган деп турган сияктысыз.Куранга куманиниз болмасын ол хак Алланын сози. Куман болса алдымен дарет алып окып шыгыныз, козкарасыныз онда да озгермесе сизге бир Алла жар босын, баска ешким комектесе алмайды. Кураннын киаметке дейин коргайлатыны туралы да айтылган.. билмесениз окыныз, журтты шатастырмай.. билмегендеринди билетиндерден билим иелеринен сурандар деген. Ар нарсени озинин маманы айту керек емес па? Сол сиякты да динди де кез келген адам,кез келген жерде андайда бундай дей салатын нарсе емес, диннин де окыган билетин маманы айу керек, айта салу онай арине ,бирак керек емес боска озимизге котере алмайтын жук артып..Дин онын ишинде Ислам дини сен ойлагандай сауатсыздардын дини емес, оган коп деген далелдер Куранда жазылган, бул китап акыл иелерине делинген… ол Аллахтын букил адамзатка карангылыктан жарыкка шыгаратын мейрими ретинде, тозакпен ескерту, жумакпен куанту ретинде, Жебирейл периште аркылы сонгы Пайгамбарымыз Мухаммедке (Аллахтын игилиги мен салеми болсын), пайгаибарымыз аркылы букил адамзатка, онын ишинде акыл иелерине жиберилген Аллахтын хак сози . Ол бизге унаган жерин алып унамаган жерин тастай салатын, немесе бурып алатын талкылап,тузететин нарсе емес екенин тусинсек екен.. Оркениет деймиз билмимди болдык деймиз, тарихка коз жугиртейик сонда бурынгылар ма сауатсыз алде казиргилер ме деп ойланыныз…бурынгы небир галымдарды караныз казирги галымдарды караныз… кайсы еки дуниеге пайдалы билиммен айналыскан екен…? Алладан тилейик биздердин журегимизде иманымызды кушейтетин еки дуниеде пайдалы билим берип, тура жолга бастасын- деп . кателескен жеримизди Алла тагала ози кеширсин.. амин Аллаху акбар..

  9. Ассалаумағалайкум.Менің сұрайын дегенім мен намаздамын,əйелім оқымайды.Аздап мінезі бар,ерке өскен,жалғыз қыз еді.Мен шариғатқа сай жүргім келеді,бірақ ол арасында көніңкіремейді.Уағызда айтып көрем,болмады.Қысқасы көп сөз қайтарады.Не істеуім керек енді?

    1. Елдос, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйел қисық қабырғадан жаратылған, оны түзетемін дегендер сындырып алады деген хадисін жақсы білетін боларсыз. Сондықтан сабырлылық танытыңыз. Күштеп тәрбиелеуге тырыспаңыз! Тек сөзбен… Мүмкін, жас болар, түсенеді, міндетті түрде, тек уақыт керек…

  10. Ассалаумағалейкүм Бауырларм дертіне шипа іздегендей Әйеліңнің көңілін табуға тырыс Мысалғы тосын сый Жылы сөйле Жанды жерін ізде Гүл сыйла Жұбайын ұрып соғып басынған еркектікке жатпайды ол ақылсыздың ісі Әйелдерге Еріне жасаған жақсылық Құлшылық болып жазылатынын естен шығармасын Барлық жағдайда ақылмен шешу керек

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз