Әйелді боқтау дұрыс па?

485

Кейбір әйелдер «күйеуім мені боқтайды» деп жатады. Жалпы, әйелін боқтау, жаман сөз айту, әдетке (дұрысы, ауруға) айналып кеткен екі сөздің бірінде былапыт сөздерді қосып айту дұрыс па? Алдымен ғылымға көз жүгіртсек.

Жаман сөз айту оны айтқан адамға ғана емес, айналасындағы адамдарға да, тіпті айналасындағы заттарға да кері әсер ететінін жапондық ғалымдар дәлелдеді. Қалайша дейсіз ғой? Кәдімгі суды мұзға айналдырып, оны микроскоппен бақылап отырған. Содан соң ол суға жаман, ғайбат, боқтау сөздерді айтқанда кристаллдар өздігінен сынып, ұсқынсыз кейіпке енген. Ал жақсы сөздерді «естіген» су керісінше, әдемілене түскен.

Тағы бір қызықты жайт, ДНҚ адамның сөзі мен оқылған мәтінді элетромагниттік каналдар арқылы қабылдай алатын көрінеді. Бір сөздер генді жақсартса, біреулері радиациядай тас-талқан етеді. Мысалы, жақсы сөздер мен дұғалар генетикалық аппараттың мүмкіндіктерін жақсартады, сәйкесінше адам денсаулығына да жақсы әсер етеді, ал жаман сөздер, ғайбат, боқтау мутацияны күйретеді, тиісінше денсаулығымызға да зиянын тигізеді.

Сондай-ақ, жаман сөзді көп айтатындар, көп боқтайтындар түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Боқтау гендік мутацияны туындатып (яғни, тұқым қуалайды), хромосомаларды талқандап, ДНҚ спиральдарын бұзады. Бұл не деген сөз? Боқтайтын адам «сол қасиетін» ұрпақтарына да беріп, одан туған балалар түрлі ауруларға ұшырауы, әкесі секілді боқтауды жаны сүйетін жан болуы мүмкін деген сөз. Ал әйелін боқтайтын жанұяларда боқтаудың болашақ ұрпаққа тигізер қаупі екі есе артадады, себебі оған боқтау еститін әйелге келетін зиян қосылады.

Ал дініміз бұл жайлы не дейді?

Қасиетті Құранда: «Адам баласының қасында, оның аузынан нендей сөз шықса да, бірін қалдырмай жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» делінген («Қаф» сүресі, 18-аят).

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алланың құлы (адам баласы) ойланбай сөйлейді де, нәтижеде түпсіз тозақтың шығыс пен батыс арасындағы қашықтықтан да ұзақ түкпіріне дейін домалап кете барады», – деп айтқанын естідім»,- деген. (Бұхари, риқақ 23; Муслим, зүһд 49).

Тағы бір хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.): «…Сондай-ақ, енді бір адам айтқан сөзінің қаншалықты кесірлі екенін аңдамай сөйлегені үшін, Алла тағаланың қаһарына ұшырайды. Әрі сол бір ауыз сөзі үшін қиямет күніне дейін Алланың оған деген ашуы басылмайды» деген (Муатта, кәләм 5; Тирмизи, зүһд 12).

Міне, ғайбат айту, боқтау ең алдымен Аллаға ұнамсыз әрекеттердің бірі, тозаққа алып баратын күнә болса, екіншіден, өзімізге де, айналамыздағыларға да, ең сорақысы – әлі өмірге келмеген ұрпағымызға да зиян келтіреді.

Әйелді қай кезде ұруға рұқсат?

Бұзықшылық жасаған балаға қалай ұрсу керек?

Ризық-несібе сұраудың дұғасы

Ер адамның әйеліне үнемі көңілі толмауы дұрыс па?

Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз