Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер

496

Ораза – балиғат жасына толған, ақыл-есі  дұрыс, дені сау әрбір әйел адамға парыз. Бірақ ер адамдарға қарағанда нәзік, атқаратын жұмыстары (үй шаруасы, бала күтімі, ас әзірлеу т.б.) көп болғандықтан ораза тұту қиынырақ болып жатады (әсіресе шілденің ыстығында). Сондықтан әрбір әйел Рамазанды пайдалы әрі жеңіл өткізуі үшін алдын-ала қандай дайындықтар жасауы тиіс екенін айтамыз:

  1. Оразаны артық салмақ тастау, денсаулықты қалпына келтіру т.б мақсаттар үшін емес, тек Алланың разылығы үшін ұстау керек.
  2. Рамазан – күнәлардың кешіріліп, дұға-тілектердің қабыл болатын уақыты. Сондықтан Алла тағаладан жиі кешірім тілеп, дұғаларыңызды арттырыңыз.
  3. Өткен Оразадан қарызыңыз бар болса, Рамазан айы келгенге дейін өтеуге тырысыңыз.
  4. Егер бірінші рет ауыз бекітуге ниеттеніп отырсаңыз, Оразаға дейін 2-3 күн ораза тұтып, «жаттығу» жасаңыз.
  5. Әйел адамдар ерлерге қарағанда көп сөйлеп, өсек айтуға жақынырақ болады. Сондықтан ондай жаман әдеттеріңізден бүгіннен бастап арылыңыз. Себебі Алла тағала ораза тұтып, бірақ, өсек, өтірік айтатын жандардың оразасын қабыл етпейді.
  6. Бұл Қасиетті айда Жаратушымызға жақындай түсіп, рухани байығыңыз келсе, жиі Құран оқып, дұға етіп, құлшылықтарыңызды арттырыңыз.
  7. Оразаға 1-2 күн қалғанда үйіңізді, аулаңызды толықтай тазалап шығыңыз. Аузыңыз берік уақытта шаршап қалмау үшін үйді сырлау, әктеу, жөндеу сияқты ауыр жұмыстарды Рамазан айына дейін жасап алыңыз.
  8. Сондай-ақ ауыз бекіткенде, ауыз ашқанда жейтін пайдалы тағамдарды алып дайындап қойыңыз.
  9. Бүгіннен бастап ащы, майлы, кофе сияқты шөлдететін, асқазанға салмақ түсіретін тағамдардан бас тартып, ағзаңызды жеңіл әрі құнарлы тағамдарға үйретіңіз.

Оразаны ең алғаш ұстайтындарға қажетті кеңестер

Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (әйелдерге)

Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (ерлерге)

Әйелдердің жұма күнгі міндеттері

Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

1 пікір

  1. Салеметсизбе? Менин 8 айлык кызым бар, емиземин. Маган ораза устауга бола ма? Устагым келип жур, шын ниетиммен. Биреулер болады, енди биреулер мулде болмайды дейди. Кайсысы дурыс? Кайсысы бурыс?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз