Әйел мына 4 нәрсені жасамай ұйықтамауы тиіс

326

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) әйелі Айшаға (р.а.): «Уа, Айша! Мына 4 нәрсені жасамай:

  1. Құранды толық оқымай;
  2. Менің және басқа пайғамбарлардың қолдауына лайық болмай;
  3. барлық мүміндердің разылығын таппай;
  4. қажылықты өтемей

ұйқыға жатушы болма», – дейді.

Айша (р.а.) анамыз бұған таңданып: «Әкем мен анаммен ант етейін, мен бұлардың барлығын аз уақытта жасай алмаймын» – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлімсіреп, былай түсіндіреді: «Бұдан артық нендей оңай нәрсе бар, Айша?! «Ықылас» сүресін үш рет, «Фатиханы» бір рет оқып, сен Құранды түгелдей оқыған боласың. Маған және өзге пайғамбарларға салауат айтып, сен біздің қолдауымызға лайық боласың. Алладан барлық мүміндердің күнәсі үшін кешірім тілеп, олардың разылығын табасың. Ал «Субханаллах уәл хам дулиллах уә лә иләһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйн қадир» тәсбихін айтып, сен қажылыққа барған боласың».

(«Жены Пророка». Қазақ тіліне аударған asylsoz.kz )

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз