Әйел – ер адамға берілген Алланың сыйы

72

Әйел – ер адамға берілген Алланың сыйы. Сондықтан ер азамат жарын қорғап, сыйлауға, ал әйел еріне бағынуға міндетті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – әйелдеріңе жақсы қарайтындарың» деген. Жақсы қарау дегеннің мәні әйелді сыйлау, оған мейіріммен қарау, ауырып қалса жанынан табылып, қиналғанда арқа сүйер қамқоршысы болу, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар, рухани дамып, өзін бақытты әйел, жақсы ана сезінуіне жағдай жасау дегенде жатса керек.

Әйел – нәзік жанды. Ол сіздің сүйіспеншілігңіз бен махаббатыңызды, жылы сөзіңізді қажет етеді. Әйелді күшпен тәрбиелеймін деген кейбір ер азаматтар олардың қисық қабырғадан жаратылғанын, түзеймін десеңдер сындырып аласыңдар деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзін ұмыт қалдырғандай. Әрине, кемшіліксіз пенде болмайды. Ондай сәттерде ашуды ақылға жеңіп, сабырды серік етсе ғана отбасында береке мен тыныштық орнайтыны анық.

6 пікір

Алия-ға пікір жазу Жауапты болдырмау

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз