Әйел ақшаны қайда жұмсағанын күйеуіне айтуға міндетті ме?

28

Ер адамның әйел затынан бір саты жоғары тұратыны белгілі. Сол себепті кейбір жағдайларда күйеуінің рұқсатынсыз жасай алмайтын істері бар.

Сонда әйел ақшаны күйеуінен рұқсат сұрап жұмасауы керек пе?

Егер әйел өзі жұмыс істеп, табыс табатын болса оны қалай, қайда жұмсайтынын өзі шешеді. Ал егер жұмыс істемейтін болса, күйеуінің ақшасын қалай, қайда, қашан жұмсайтынын күйеуіне айтуы міндетті.

Әйел адам өзі тапқан табысына күйеуіне, балаларына сыйлық алуына, үйдің керек-жарағын түгендеуіне немесе өзіне керек затын алуына, жақындарына көмектесуіне болады. Ақша тек пайдалы, игі істерге жұмсалуы тиіс. Бұл менің ақшам деп оңды-солды шашып ысырап етуге болмайды.

Жанұядағы жанжалдың көбі материалдық жағдайға байланысты болғандықтан ерлі-зайыптылар бұл мәселеде өзара келісіп, ақылдасып шешім қабылдағандары жөн.

1 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз