Ғалымдардың жаңа зерттеуі бойынша, Жердегі тіршілік Құранда айтылғандай, топырақтан бастау алған.
«Топырақ – түрлі минералдардың жиынтығы, сіңіргіштік қасиетке ие, молекулалар мен химиялық заттардың көбеюіне қолайлы орта. Сондықтан ондағы химиялық заттар бір-бірімен әрекеттесіп, белоктар, ДНҚ, соңында – тірі жасушалар түзеді», – дейді зерттеушілер.
Бұл теория жүздеген жылдар бойы айтылып келгенмен, ғылыми түрде дәлелденбеген болатын. Міне, Қасиетті Құранда мыңдаған жылдар бұрын айтылып қойған нәрсе енді ғана дәлелденіп отыр:
«Алла тағала сені (Адам атаны) топырақтан, сосын бір тамшы судан (Адам атаның ұрпағын) жаратты» («Фатыр» сүресі, 11).
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны (Адам атаның ұрпағын) шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (ана құрсағына) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық (жан беріп сөйлеттік)» («Муминун» сүресі, 12-14-аяттар).