Адамнан артық жәндік жаралмаған

65

Адамнан артық жәндік жаралмаған,
Дейді жұрт: «Айуан жоқ иттен жаман».
Бұл туралы менде бір бөтен ой бар,
Анық ұқсаң, айтайын, достым, саған.
Адамның айуаннан айласы мол,
Қит етсе қиянатқа қояды қол.
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек –
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.
Қанеки, ондай адам, қай жерде бар?
Көбінің сыртында бал, ішінде зәр.
Жарық алып әлемді араласаң,
Ондай жан неше мыңнан біреу шығар…
(Ш.Құдайбердіұлы. «Адамнан артық жәндік жаралмаған». үзінді)

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз