Адам қайтсе адам болады?

30

Дүниеге жоқтан бар болып келген соң адам баласы тәрбиемен адам болады. Адамзат былай тұрсын кез келген мақұлықтың тәрбиесі бар. Мысалы, мал өзінің хайуандық ісін істейді. Төлін де соған баулиды. Олардың тілі жоқ, тілі болса адамзатқа бағынбас еді. Адам үшін керегі барын, адамды қорғайтынын, сол жолда өлетінін де біліп тұрады. Түйені мініп келе жатып, жарға қарай бұрыңызшы, ол жүрмейді. Жылқы да сол секілді…

Дүниеге келгеннен кейін бәрімізді ата-анамыз тамақ беріп өсірді. Ондағы үміті – балам жақсы адам болса, күшті, батыр, ақылды болса, мені жаудан, даудан, қауіп-қатерден қорғаса, жақсы оқып, үлкен білім алып, абырой-атаққа жеткізсе деп тілейді. Бірде-бірі балам жаман болса екен демейді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз