Адам көп нәрсенің қадірін білмейді

380

Бір патша қызметшісімен кемеде отырады. Ол қызметші бұрын-соңды теңіз көрмеген, кемеге мінбеген болатын. Сол себепті қатты қорқып, дірілдей бастайды. Патша оны қанша сабырға шақырса да, көнбей, әбден мазасын алады. Мұны көрген кемедегі бір кісі патшаға келіп: «Бұйырсаңыз, мен оны тыныштандырайын» дейді. Патша келіседі. Кісі жанындағыларға: «Оны теңізге тастаңдар» деп суға тастап, шығарып алады. Екінші батырғанында әлгі қызметші кемеге кіріп, тып-тыныш отырады. Кісінің бұл әрекеті патшаға ұнайды да одан: «Мұның мағынасы не?» деп сұрайды. Сонда кісі: «Ол суға батпайынша кеменің қадірін білмес еді. Суға батып, қиналған соң ғана кеменің қадірін түсінді» деп жауап береді.

(Саиф Сараи. «Гүлстан Би-т-түрк»).

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз