Адалдық пен алтын (ғибратты оқиға)

214

Бір кісі жер сатып алады. Жерді аударып жатып бір қалта алтын тауып алады. Оны көріп дереу жерді сатқан кісіге барып: «Мына алтын сеніңкі. Мен сенен алтынды емес, жеріңді сатып алдым, ал», – дейді. Жердің бұрынғы иесі:

«Жоқ, ол жерді менен сатып алған соң толықтай саған тиесілі. Сондықтан алтын да сеніңкі», – деп келіспей қояды. Екеуі ұзақ шешімге келе алмай ақыры қазыға жүгінеді. Қазы оларды тыңдап алып:

– Балаларың бар ма? – деп сұрайды.

Біріншісі: – Ұлым бар, – дейді.

Екінші кісі: – Менің жалғыз қызым бар, – дейді.

Сонда қазы:

– Екеуің балаларыңды үйлендіріңдер де, алтынның бір бөлігін соларға беріп, қалғанын Алла жолында жұмсаңдар, – деп бұл даудың шешімін тауып береді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз