Неліктен жолбарыстарға арқамен бұрылуға болмайды?

561

Үндістанның Батыс Бенгалия штатының тұрғындары желкелеріне адам беті бейнеленген бетперде тағып жүреді. Не себепті деп ойлайсыз? Жауабын қазір білеміз.

562

Үндістанның 18 штатында, солтүстігінде Гималайдан, оңтүстігінде Тамилнадқа дейін жолбарыстар мекендейді. Үнділіктер бұл жыртқыш аңның қыр-сырымен жақсы таныс және олардың көбінесе адамның арқасынан шабуыл жасайтынын жақсы біледі. Дәл осы себепті үнді халқы желкелеріне адам беті бейнеленген маска тағып жүреді. Бұл әдіс жолбарыс және осы тұқымдас жыртқыштардың (арыстан, ягуар, леопард т.б.) шабуылынан қорғайды.

Бұған көз жеткізу үшін Американың Флорида штатының Big Cat Rescue жыртқыш аңдарды қорғау ұйымының қызметкерлері тәжірибе жасап, шынында да ол бетперденің аңдардың шабуылына тосқауыл бола алатынына көз жеткізген.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз